|
13.09.2022 | 17:11
5015

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады smartik.ru

Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ.06:00 аралығынд Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

"Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында және 14 қыркүйек сағ. 21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі. Ал 14 қыркүйек сағ.21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.


Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир