Алматы полициясының қызметкерлері қайырымдылық шарасын қолға алды

17.04.2020 в 17:34

Бұл – карантин кезеңінде КВИ-дің таралмауына бағытталған бастама

Алматы полициясының қызметкерлері қайырымдылық шарасын қолға алды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Көбіне полицейлер қариялар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға жұмыс кестесіне қарамай барады, көмек қолын созады. Бұл – карантин кезеңінде КВИ-дің таралмауына бағытталған бастама.

«Жалғызбасты қарияларға тамақ пен қандай дәрі-дәрмек керек екенін Алматы полициясының бірыңғай call-орталығынан білеміз. Олар жалғыз тұратындықтан үйден шықпағаны жөн. Өйткені зейнет жасындағы адамдардың иммунитеті вирусқа төтеп бере алмауы мүмкін. Сондықтан, біз шетте қала алмаймыз. Ата-әжелеріміз вирус жұқтырып алмас үшін сыртқа шықпасын деп, әсіресе, дүкендер мен базарға бармасын деп көмектесеміз. Әр бөлімшеде қарт кісілерге мезгілімен баратын, олардың тұрмыстық жағдайымен, әл-ауқатымен танысып, үнемі байланыста болатын қызметкерлер бар. Біреулер: «бұл – полицияның жұмысы емес» деп жатады. Бірақ адамның өз еркімен қайырымдылық жасауына ешкім шектеу қойған жоқ. Бұл біздің күнделікті міндетіміз. КВИ-ді толық тойтарғанша осы ісімізді тоқтатпаймыз», – дейді Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы Даурен Өтебаев.