Алматының орталық көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

19.09.2022 в 17:41

Аталған жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр

Алматының орталық көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 қыркүйек сағ.22:00 мен 20 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Жамбыл көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.

Аталған жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарлама.

Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы.