Жас журналистерге арналған "Generation Zерттеу" зерттеу жобаларының байқауы жарияланды

06.12.2021 в 18:04

Конкурс 2 кезеңнен тұрады

Жас журналистерге арналған "Generation Zерттеу" зерттеу жобалары байқауы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Байқаудың 4 жеңімпазы өз зерттеу жобасын жүзеге асыру үшін 500 мың теңгеден  алады.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде – 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін сауалнаманы толтыру керек (сілтемесі төменде) және зерттеу жобасының идеясы, өзектілігі, форматы мен аудиториясы туралы айту керек.

Бірінші турдың 20 жеңімпазы екінші турға өтеді. Олар үшін Қазақстанның жетекші журналистерімен медиа-тренингтер ұйымдастырылады, олар конкурстық өтініштерді аяқтауға және конкурстық комиссия алдында қатысушының өзін сәтті қорғап шығуға көмектеседі. Екінші турдың қорытындысы бойынша комиссия 4 жеңімпазды іріктейді, оларға өз жобасын іске асыруға 500 мың теңгеден шағын гранттар табысталады.

Байқауға кімдер қатыса алады?

Қазақстандық БАҚ-тың зерттеу журналистикасына қызығушылық танытқан 21-29 жас аралығындағы жас журналистері (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері).

Байқаудың негізгі мерзімі қандай?

2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін сауалнамаға берген жауаптар қабылданады.  

2022 жылдың қаңтар айының басында байқаудың 4 жеңімпазы жарияланады.

Ал 2022 жылдың 28 ақпанына дейін жеңімпаздар өздерінің зерттеу жобаларын БАҚ-та жариялауы керек.

Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін almatynomads@gmail.com электрондық поштасына «Конкурс» белгісімен сұраныс жіберу қажет немесе  +7 705 915 67 67, +7 705 577 70 80 байланыс номерлері арқылы хабарласуға болады.

Сауалнаманы толтырып, зерттеу жобалары байқауына қатысыңыз!

Сауалнаманы толтыру үшін төмендегі сілтемені басыңыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSexCqQeN7kxDZ8aRuNhHozabNA6f8P18SQt6L1YEwhZlzevbQ/viewform

Жобаны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен және «Медиа дамыту қоры» КҚ тапсырысы бойынша «Almaty Nomad» Саяхатшылар клубы» ҚБ жүзеге асырады.