Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді

04.01.2022 в 17:52

Жиын Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен өтеді

 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің желідегі парақшасында жазды. 

"Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді", - деп жазады Б. Уәли.