Есімі ел есінде: Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл толды

14.01.2024 в 10:00

Жау қолынан 18 жасында қыршын кетті

14 қаңтар Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде батыр қыздың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл толуына орай «Елім деп соққан жүрегі» тақырыбында еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ә. Молдағұлова атындағы музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Ә.Молдағұлованың туыстары, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе қаласы Астана аудандық ардагерлер кеңесі, Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Ә.Молдағұлова атындағы «Ақтөбе халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамы, М.Бөкенбаев атындағы заң институты, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының курсанттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің сарбаздары, қалалалық мәдениет үйінің «Әлия гүлі» қазақ би ансамблі мен «Халықтық ұжым» «Сұңқар» вокалды ансамблінің әншілері, Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері мен №13 орта мектептің оқушылары қатысты.

Шара барысында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы үнсіздікпен еске алып, «Мергендер” фильмінен үзінді көрсетілді. 

Оқи отырыңыз: Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды