Алматы бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өтінім қабылдау басталды

11.03.2021 в 18:05

Байқауға жас ерекшелігіне қарамастан, елімізде және тыс жерлерде де тұратын кез келген адам қатыса алады

Алматы бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаға қатысу үшін өтінімдер 2021 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.

Байқауға жас ерекшелігіне қарамастан, елімізде және тыс жерлерде де тұратын кез келген адам қатыса алады. Медицина, білім, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, сондай-ақ қоғам салалары бойынша жеті номинация қарастырылуда.

Қатысу үшін 100janaesim.ruh.kz сайтында сауалнаманы толтыру қажет.  

Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша 8 (727) 333-15-86 немесе 8 701 071 77 20 номерлеріне хабарласуға болады.

Қатысу ережелерімен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ресми сайтында танысуға болады.