Жылуға артық төлеген қазақстандықтардың ақшасы қалай қайтарылады

01.08.2022 в 18:05

Төлемдердің басым бөлігі Батыс және Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының абоненттеріне тиесілі

Жылуға артық төлеген қазақстандықтардың 489 млн теңгесі қайтарылады. Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға көрсетілген қызметті қайта есептеп, осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төлемдердің басым бөлігі Батыс және Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының абоненттеріне тиесілі. Ұлттық экономика министрлігі аталған қаржының жыл соңына дейін қайтарылатынын айтып отыр.

«2021-2022 жылдарға арналған жылыту маусымы кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлемін КХС-ті ескере отырып жалпы соммасы 489 млн теңгеге қайта есептеу жүргіздік. Оның ішінде ШҚО-186 млн, Қарағанды обл - 86  млн, ал Алматы қаласы бойынша 41 млн теңге. Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын, оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады. », – деді Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев.