Жұмыссыз алматылықтарға арналған тегін курстар өтеді

05.05.2022 в 18:08

2022 жылы қысқа мерзімді курстарда 600-ден астам қала тұрғынын оқыту жоспарланған

Алматы қаласының жұмыссыз тұрғындары Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін кәсіби курстардан өте алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылы қысқа мерзімді курстарда 600-ден астам қала тұрғынын оқыту жоспарланып отыр.

Бүгінде мемлекеттік бағдарлама бойынша Жұмыспен қамту орталығымен 25 мамандық бойынша оқытуды ұсынатын қаланың 24 оқу ұйымы ынтымақтасуға дайын. Жұмыспен қамту орталығы, оқу орталығы, жұмыс беруші және курс тыңдаушысы арасында төрт жақты келісімшарт жасалады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Оқу ұзақтығы - 3 ай. Оқу кезінде 20 948 теңге мөлшерінде стипендия төленеді, курстарды аяқтағаннан кейін сертификат беріледі және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

Курстарға жазылуға және оқудан Алматы қаласында тұрақты/уақытша тіркелген жұмыссыз азаматтары ғана өте алады.

Курстарға жазылу үшін Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына, мына мекенжайға хабарласу қажет: Достық даңғылы, 85.

Тел.: +7 (727) 310 21 31