Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді

18.08.2021 в 18:50

25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді

Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 18 тамызда, бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше,  қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы да эвакуацияланған. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылған.