Алматыда «Қазыбек-бек» станциясына дейін жүретін жолаушылар пойызы қайта іске қосылады

02.08.2022 в 18:41

Жол жүру құны - 80 теңге

3 тамыздан бастап қала маңына қатынайтын «Алматы-Қазыбек бек» бағытындағы жолаушылар пойызы  қайтадан күн сайын жүретін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

3 тамызда пойыз Алматы-2 теміржол вокзалынан сағат 9.30-да, Алматы-1 станциясынан сағат 10.07-де жөнелтіледі.

Жол жүру ақысы поездың ішіндегі жолсеріктерге ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы төленеді. Жол жүру құны - 80 теңге.

Қызмет көрсетуші компания: «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС. Тасымалдау жалпы үлгідегі вагондармен (отыратын орындар) жүзеге асырылады.