Қазақстан қантсыз қала ма – министрдің жауабы

14.06.2022 в 18:41

Шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты 2 кондитерлік фабрика жұмысын тоқтатты

Қант тапшылығы уақытша мәселе. Осылай деген Ұлттық экономика министрі елдегі екі кондитерлік фабрика жұмысының тоқтап қалуын шикізаттың жетіспеушілігімен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол алдағы уақытта Сауда министрлігі халықты қантпен қамтамасыз ету мәселесін шешетініне сенім білдірді. Естеріңізге салайық, мамыр айының соңында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов шекер тапшылығын Ресей Федерациясының қант экспортына тыйым салуымен түсіндірген еді.

«Егер өндірушілер өндірісті қысқартса немесе оны уақытша тоқтатса, онда шикізат жеткіліксіз болуы мүмкін. Бірақ бұл – уақытша мәселе. Менің ойымша, сауда министрлігі бұл бағытта жұмыс істеуде және жақын арада қант нарықты толтырады. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес. Білуімше, Өзбекстанда да туындады. Біздің еліміз өзін қантпен толық қамтамасыз етпейді, импортқа тәуелдіміз», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.