Қостанай облысында жаңа үй салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді

14.09.2022 в 18:51

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева қаражат республикалық бюджеттен қарастырылатынын мәлімдеді

Қостанай облысында жаңа үй салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді. Шамамен бір баспанаға 25 миллион теңге жұмсалады. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева қаражат республикалық бюджеттен қарастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халық қалаулысының айтуынша, өңірдегі өрт шығыны әлі толық есептелмеген. Жалпы 91 үй салынады деп жоспарланып отыр. Алғашқы суық түскенде аяқталады.

«Бір баспанаға 25 млн теңге бөлінеді. Үйлер Әулиекөл ауданында салынады. Әрқайсысына 10 соттық жер беріледі. Әрбірінің ауданы 100 шаршы метр болады. Су, газ, жарықпен қамтамасыз етіледі, жол салынады», – деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.