Еңбек инспекциясы тікелей Еңбек министрлігінің құзырына өтеді – Тамара Дүйсенова

26.04.2023 в 19:01

Қазір жоба Мәжілістің қарауында

Енді Еңбек инспекциясы тікелей Еңбек министрлігінің құзырына өтуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаттары айтып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова еңбек инспекциясының орталыққа тікелей бағынуын тәжірибе көрсетті дейді. Себебі жергілікті жерлерде еңбек дауы көбіне дұрыс шешімін таппай жатады. Сондықтан осындай өзгеріс енгізу көзделіп отыр екен.

«Қазір заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бұл бастаманы депутаттар ұсынған болатын. Қазір жоба Мәжілістің қарауында. Менің ойымша бұл дұрыс шешім. Оның үстіне, Халықаралық еңбек ұйымы да осындай кеңес берген болатын», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.