Ең үздік әке: Алматыда әкелер сайысы өтті

27.06.2023 в 19:05

Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын ұлықтау

Алматының Жетісу ауданындағы әкелер сайысқа түсті. Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын ұлықтау. Жарыста Қызбаев және Сманов отбасының арқасүйерлері бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар «Ең үздік әке» атағы үшін 5 кезеңнен өтті. Қатысушылар спорттық сайыста да, білімде де бір-бірінен қалыспады.

– Жетісу аудандық «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыстық. Осындай іс-шара жиі болып тұрса екен. Жақсы көңіл көтердік. Ойын қызықты өтті. Менің көңілімнен шықты, – деді қатысушы Мәди Қызбаев.

Сайыс биыл Қазақстанда алғаш рет тойланған Әкелер күніне байланысты ұйымдастырылған. Додада бәрі тең түсті. Ұйымдастырушылар екі отбасын да алғыс хатпен марапаттап, арнайы жүлде табыстады.

– Биыл бірінші рет Әкелер күні тойланып жатыр. Бүгін сол әкенің рөлін атықтауда неше түрлі конкурстар өтті, – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлы.