|
09.01.2023 | 19:09
3155

Алматыда 17 сейсмикалық станса пайда болмақ

Мақсат - тосыннан болатын табиғат апатына барынша дайын болу

Алматыда 17 сейсмикалық станса пайда болмақ vestikavkaza.ru

Алматыда 17 сейсмикалық станса пайда болады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мұндағы мақсат - тосыннан болатын табиғат апатына барынша дайын болу. Оған қоса, арнайы жол картасы қабылданған.

Енді елімізде сейсмологиялық сұрақтарды егжей-тегжейлі зерттейтін ұлттық орталық құрылмақ. Шамамен қаңтар айының аяғында ашылады деген жаңа ұйым екі мекеменің бірлескен күшімен іске қосылады. Алматыдағы сейсмология институты мен сейсмологиялық тәжірибе тәсіл экспедициясы бірігіп, ұлттық орталық құрмақ. Осыған дейін түрлі мекеменің қарамағында болып келген экспедиция осылайша өз орнын таппақ.

«Екі мекеменің интеллектуалды ғылыми техникалық мүмкіндіктерін бірлестіру арқылы еліміз сейсмология саласына қойып отырған талаптарды, мақсатты тез арада жақсы деңгейде орындауға мүмкіндік береді», – деді ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков  

Алматының сейсмикалық картасы соңғы рет 2017 жылы жаңартылған екен. Оның қажеттілігі сол, қала құрылысы кезінде жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда биік ғимараттар салуға рұқсат етілмейді. Ал діттегені - бір. Қос мекеме қосылса, болашақта орасан зор еңбек атқармақ. Олар енді республика бойынша осындай маңызы зор картаның барлығын қайта жасайды.

«Болашақ құрылатын орталық мақсаты – еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде түрлі деңгейдегі картасын жасау. Бұрындары сейсмология институты Қазақстан Республикасы территориясы үшін жалпы сейсмикалық картасын бір 5 миллиондық масташбта жасап шығарған. Ол да құрылыс ережесі құрамына құрамдас бөлігі ретінде енген. Болашақта біз басқа сілкініске қауіпті аймақтар үшін нақтыланған сейсмикалық ұйымдастыру картасы және ірі елді-мекендер үшін шағын сейсмикалық аудандыстыру үлкен масштабта карталары жасалады», – деді Нұрсәрсен Өзбеков  .

Бұл - Медеу сейсмология стансасы. Мұндағы туннельде сезгіш датчик орналасқан. Ондағы сезілген өзгерістер бірден орталықтағы стансаға беріліп отырады. Мамандар тәулік бойы жұмыс істейді. Олар түрлі өзгерістерді бақылауда ұстайды. Өкініштісі, қолда бар құрылғылардың жер дүмпулерін алдын-ала болжауға мүмкіндігі жоқ. 2023 жылы жаңа 17 осындай станса орнату жоспарда бар. Ел Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, былтыр Алматыда 11 станса салуға жергілікті бюджеттен 547 миллион теңге бөлінген екен.

«Жер сілкінісі қай уақытта болатынын өткеннен кейін ғана тіркеледі. Соның барлығын жазып отырамыз. Мына жерде компьютерде әр секунд сайын жердің қозғалысын жазып отырады. Егер экстренный случай болып қалса, жер сілкінісі болса біз оны 10-15 минуттың ішінде оборот жасап, орталыққа жіберіп отырамыз», – деді «Медеу» сейсмостансасының инженері Ғабдұл Әбдіқадыров .

Жаңа ұлттық орталықтың алға қойған мақсаты көп.  Олардың бірі – Республикадағы күшті жер сілкінісінің пайда болу аймағына болжам жасау, әсіресе маңызды нысандарда сейсмикалық қауіпті бағалау. Осылай кешенді ғылыми жұмыстар жалғасын табады. Жаңа құрылғылар алу да жоспарда бар екен.

Жадыра Омаржан, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир