Таза Қазақстан: Алматыда облысында 500 тоннадан астам қалдық шығарылды

15.04.2024 в 19:17

Сенбілікке 80 мыңға жуық адам қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының алғашқы аптасы Алматы облысында жоспардағыдай өтті. Сенбілік 9 аудан, 300-ден астам ауылдық жерде ұйымдастырылып, оған 80 мыңға жуық адам жұмылған. Нәтижесінде 700 аумақ жиналып, 500 тоннадан астам қалдық шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел бойынша басталған тазалық жұмысы Алматы облысында асқан жауапкершілікпен орындалуда. Экологиялық акция бұл өңірдегі 300-ден астам елдімекенді қамтыған. Бір кісідей жұмылған өңір халқы сенбіде көше мен ауланы сыпыру, қоршауларды сырлау, ағаш отырғызу сынды шаруа тындырды.

– Қазақстан бойынша өтіп жатқан акция аясында 5-6 сенбілік болады. Алдын ала тұрғындар көмектесіп жатырмыз. Облыс әкімі ағаш отырғызып, халықпен кездесті, – деді облыс тұрғыны Қуантай Арыстанбаев.

Экологиялық іс-шараға тұрғындар жұмыла кіріскен. Тазалық науқанына мемлекеттік қызметкерлер мен құзырлы орган өкілдері, басқа да мекеме жұмысшылары қатысып жатыр. Ал Қонаев қаласында ұйымдастырылған сенбілікте облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев келді.

– Дүйсенбіден бастап өлкеміздің тарихи жерлерінде жұмыстар басталады. Бүгінде қаланы, облысқа қарасты ауылдар да тазаланады. Барлық тұрғынды қатысуға шақырамыз, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Бір айға жоспарланған акцияның келесі аптасы тарихи-мәдени ескерткіштерді көріктендіруге, кейінгісі аймақты көгалдандыруға, төртінші жұмасы ардагерлер мен қарттар үйлерінің аумағын жинауға, ал соңғы аптасы өзен-көлдердің маңын тазалауға арналады.

Оразай Нұртайұлы, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматы – біздің ортақ үйіміз: Әуежай көлінің жағасы тазартылды