Елімізде жайылым жерді пайдалану мерзіміне өзгерту енгізілді

21.06.2023 в 19:19

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов айтты

Сондай-ақ Мәжілісте жайылымдық жерлерді жеке қолға беруге тыйым салу туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңызды құжат бойынша ендігіде өрістерді конкурссыз беру тәртібі алынып тасталды. «Бұл әрекет саладағы бармақ басты, көз қысты әрекеттің алдын алуға бағытталған» деді Нұржан Әшімбетов. Мәжілісменнің мәліметінше, жайылымдарды басқару мен оларды пайдалану мерзімдері де өзгертіліпті. Ал аумақты пайдаға жаратуға 2 жылдан 5 жылға дейін рұқсат етілген.

«Жер пайдаланушыларға жайылымның айналасында қазба жұмыстарын жүргізгені үшін жауапкершілік жүктеледі. Конкурстар өткізбей жайылым беру нормасы алынып тасталады. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарының қолданылу мерзімдері 2 жылдан 5 жылға дейін деп өзгертіледі», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов.