|
17.02.2022 | 19:42
3202

Жүрегіміз ауырды – қаңтар оқиғасынан соң алаңды тазалаған жұмысшылар

«Алматы Тазалықтың» қызметкерлері қаңтардағы қасіретті күннің естеліктерін бөлісті

Жүрегіміз ауырды – қаңтар оқиғасынан соң алаңды тазалаған жұмысшылар Almaty.tv

«Қирандылар мен оқтарды көзбен көріп, қолмен жинадық». Осылай деген «Алматы Тазалықтың» қызметкерлері қаңтардағы қасіретті күннің естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

   

Аппақ қар басып жатқан алаңда 1,5 ай бұрын адамның қаны, қарудың оғы шашылып жатқан еді. Маңыздысы, ел дүрбелеңге түскенде де жұмысын тоқтатпаған мамандар болды. Солардың бірі – қаланың, ал дәл сол кездерде алаңның тазалағына жауап бергендер.

Қирандының астында қалған қала орталығы ол кісілердің әлі де есінде. Көзбен көріп, қолмен жинаған соң, көңілден кетпейді дейді мамандар. Олар 5 қаңтарда алаңды тазалауға шыққанда жұмыстың осынша көп боларын білмеген.

«5 қаңтарда жұмыс істедік, сыпырдық, оқтарды жинап алдық. Адамдардың көлікте өртеніп кеткен денелерін көрдік», - деді «Алматы Тазалық» коммуналдық мекемесінің қызметкері Тамара Қалдықожаева.

Бір апта бойы үздіксіз жұмыс істегендер сол күндерде түрлі оқиғаның куәсі де болған. «Дегенмен, қорыққан жоқпыз» дейді олар. О бастағы міндеттері қаланың тазалығы болған соң, ару Алматының аласапыран күйін көру қатты әсер етіпті.

«Әсем Алматымыздың сондай қиранды болғанын көріп, жүрегіміз ауырды, шыны керек. Біз де осы алаңда оқ жаудырған көліктерді көрдік. Қанды шүберектер жатты. Қаншама оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, гранаталарды тауып алдық. Өзіміздің патрульде жүретін ер адамдар», - деп еске алады «Алматы Тазалық» коммуналдық мекемесінің қызметкері зүлфия наурызбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қаланы қалыпқа келтіру үшін күніне 650 бірлік техника мен 1550 қызметкер жұмылдырылған еді. Сондай-ақ қаңтар оқиғасынан кейін қала көшелерінен 6400 тонна қоқыс шығарылған.

Мадина Оқас, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир