Алматыда шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр

02.07.2021 в 19:45

Дезинсекция жасыл желектерді зиянкестерден қорғауға және жәндіктердің Алматы аумағына келуіне тосқауыл қою үшін жасалып жатыр

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2021 жылғы 1-4 шілде аралығында жасыл желектерді қорғау мақсатында Алматы қаласының Наурызбай, Алатау, Жетісу, Түрксіб және Медеу аудандарында шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дезинсекция жасыл желектерді зиянкестерден қорғауға және жәндіктердің Алматы аумағына келуіне тосқауыл қою үшін жасалып жатыр.

Дезинсекция жұмыстары түнгі уақытта, сағат 23:00-ден 05:30-ға дейін жүргізіледі. Қала аумағына шегірткелердің келуіне әсер ететін жерлерде (бос жерлер, жыралар, адамдар тұрмайтын бос учаскелер) жасалады.

Қолданылатын препараттар да ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген және тұрғындарға, жануарлар мен құстарға зияны жоқ.

Дезинсекция жұмыстары жүргізілген аймақтар сигналды жалаушалармен және тақтайшалармен белгіленеді. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына белгі қойылған жерлерге бармауларын өтінеді.