Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қашан іске асырылады

04.01.2023 в 19:51

Бастамаға 214 мыңнан астам берешегі бар алматылық ілінбек

Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң наурыз айынан бастап іске асырылады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бастамаға 214 мыңнан астам берешегі бар алматылық ілінбек. Бұл туралы қалалық кірістер департаментінің өкілі хабарлады. Ақпарынша, заңнамада жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрі қарастырылған. Олар соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру. Ескере кетсек, 5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады. Ал банкроттықтан кейін олардан 5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектетіледі. 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгінуге құқылы.