Танымал журналист, медиаменеджер Батыр Қазыбаев өмірден озды

27.03.2022 в 20:24

Батыр Қазыбаев Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz, «Жұлдыз FM», «Ретро FM Казахстан» радиостанциясы, СТВ, «Жетінші арна» телеарнасының негізін қалаған

Елімізге белгілі медиаменеджер Батыр Қазыбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Батыр Қазыбаевтың дүниеден озғанын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров жеткізді. 

«Бүгін отандық медиа саласы ауыр қайырға ұшырады. Ұзаққа созылған сырқаттан мықты медиаменеджер, кәсіби журналист, әріптесіміз Батыр Қазыбаев дүниеден өтті. Ірі медиажобаларды жүзеге асырған, отандық журналистикада өзіндік қолтаңбасы қалған, мектеп қалыптастырған әріптесіміз біраздан бері сырқат еді. Жақындарына, «Алаш медиа» ұжымына және журналист қауымына қайғырып көңіл айтамын. Иманы жолдас болсын. Батырдың жарқын бейнесі біздің жадымызда сақталады», - деп жазды министр Facebook парақшасында. 

Айта кетейік, Батыр Қазыбаев Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz, «Жұлдыз FM», «Ретро FM Казахстан» радиостанциясы, СТВ, «Жетінші арна» телеарнасының негізін қалаған. 

«Алматы» телеарнасының ұжымы Батыр Қазыбаевтың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.