Алматыда жастарға арналған мотивациялық форум өтті

01.02.2019 в 20:35

Алматыда паралимпиада жеңімпазы, еріктілер және бизнес-тренерлер студенттермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар тәлімгерлер алдында сөз сөйлеп, лекция оқыды. Кездесуді ұйымдастырушылар, мотивациялық форум жастарды мақсат қоюға және алға ұмтылуға үйретеді деп отыр.  

«Бүгінгі форумның өзі ерекше. Себебі, мотивациялық. Біздің студенттерімізге мотивация беріп, жастар жылының қалай жүргізулі туралы ақпараттарды толық берді деген сенімдемін. Мұндай жиындардың, форумдардың өткізілгені дұрыс. Себебі, қандай түйткілді мәселе бар. Жиында шешілетіні айдан анық», – деді Алматы технологиялық университеті Жастар саясаты бөлімінің басшысы Ержан ӘБДЕШОВ.