Алматы көшелерін күніне 1500 жұмысшы тазалайды

04.08.2022 в 16:41

14 мердігер мекеме жауапты

Алматы көшелерінде күніне 1500-ге жуық жұмысшы тазалық жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Қаладағы көше-жол желісіне 14 мердігер мекеме жауапты. Аулалар мен даңғылдарды тазарту жұмыстарына 866 арнайы техника мен 1413 жұмысшы жұмылдырылып, 90 тоннадан астам қоқыс шығарған. Айта кетейік, күн сайын су тасқынының алдын алу мақсатында мердігер ұйымдар канал желілері мен арна өткелдерін тазалап жатыр. Биылдың өзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардың жалпы ауданы 25 миллион шаршы метрден асады.

«Санитарлық тазалау жұмыстары қаланың 2 318 көшесінде жүзеге асырылады. Бұл көшелердің жалпы ұзындығы 2 700 шақырымнан астам құрайды», – деді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Дулат Ашкенов.