Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде сөйлеген сөзі

29.01.2022 в 09:08

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне бейнебайланыс режимінде қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ жиынға Тұңғыш Президент – Елбасы, Президент Әкімшілігінің басшылығы, партияның Саяси кеңесінің мүшелері қатысты. Отырысты партия Төрағасының бірінші орынбасары жүргізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен және дауыс беру рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының Төрағалығына сайлау туралы Съезд қаулысы қабылданды. Содан кейін Мемлекет басшысы жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі.