9-кезең: Алматыда 7 мыңнан астам кіреберіс пен 1345 аулаға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді

26.04.2020 в 21:20

Қала билігі COVID-19 инфекциясының жолын кесу үшін кешенді шараларды қолға алған

Алматыда дезинфекциялық жұмыстардың 9-кезеңі қорытындыланды. Қала билігі COVID-19 инфекциясының жолын кесу үшін кешенді шараларды қолға алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Карантин басталғалы мамандар әр кезең сайын 8 мың 500 үй мен 23 мың кіреберіс және 4 мыңнан астам ауланы залалсыздандырды.

«Осындай жұмыстың арқасында біз алгоритм жасап отырмыз. Алгоритм бойынша мысалы науқас ауруханаға түскеннен кейін, сол күні міндетті түрде дезинфекциялық станция жасайды. 14 күн бойынша күн сайын жасалады. Одан кейін карантинге түскеннен кейін бір аптада 2 рет жасалады», – деді Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

Атқарылып жатқан дезинфекциялық жұмыстардың ішінде карантинге жабылған аумақтар да бар. Инфекция ошақтарын арнайы мамандар күніне екі рет мұқият залалсыздандырып шығады. Олар кіре берістен бастап ғимараттың әр ойлы-шұқырын назардай тыс қалдырмайды. Іске асып жатқан жұмыстардың барлық шығыны қала әкімдігінің бюджетінен бөлініп отыр.

«Алматы қаласы әкімдігі ақша бөліп,  дезинфекциялау жұмыстарының 9 кезеңін өткіздік.  Осының бәрі Алматы қаласы әкімдігінің қаржысы есебінен жүргізіліп отырады. Ал ПИК  бұрыннан клининг компаниялармен шартқа отырған.  Олар аптасына бір рет подьезді жууы керек», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының инспекция бөлімінің басшысы Жандос ҚАЙЫРХАНОВ.

9-кезең қорытындысы бойынша 7 мыңнан астам кіреберіс пен 1345 аулаға жүз пайыз дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Оған 61 бригада мен 453 адам тартылып, барлығы 79 300 литр дайын сұйықтық пайдаланылған. Ал, қоғамдық орындар мен көшелерді залалсыздандыру үшін 150 арнайы техника мен мыңнан астам адам жұмыс істеді. Нәтижесінде  4 миллион 420 мың шаршы метр көше, 712    мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы,  985  контейнер мен 201  контейнер аумағы толық залалсызданды.  Бұл үшін 817 мың литр вирусқа қарсы дайын сұйықтық жұмсалған.  

7268 кіреберіс

1345 аула

61 бригада

453 адам

79 300 литр дайын сұйықтық

150 арнайы техника

1003 адам

4 420 мың м2 көше

712  мың м2 жаяу жүргіншілер жолы

985  контейнер  

201  контейнер аумағы

817 мың литр дайын сұйықтық

639 әскерилер

1622 нысан

1488,8 га - жалпы аумағы

Әскерилер тарапынан тазалық жұмыстарына 639 адам жұмылдырылған. Олар бүгінге дейін қала бойынша 1622 нысанның дезинфекциялық жұмыстарына ат салысып, 1500 гектарға жуық аумақты залалсыздандырған. Ал осы уақытқа дейін атқарылып жатқан істердің сапасына тұрғындар ат салысып, өздері де қадағалауда. Себебі жауапкершілік пен тазалық шаралары барлығына ортақ іс.

БЛИЦ:

Мы активные старшие, мы это просто контролируем. Нареканий, конечно, нет. Мальчишки молодцы. Все что мы даже внепланово опрыскивают, они все это делают опрыскивают. Поэтому все довольны.

Біз осы шараның барлығын ұйымдастыратын қала әкімдігіне, қаланың Тұрғын үй инспекциясына алғыс білдіргіміз келеді.

Қазіргі таңда қала бойынша ең қауіпті саналған короновирус ошақтарының ішінен 146-сы алынып тасталса, әлі де 187-сі бар. Ол орындар уақытында тазаланып, сақтық шараларын қамтамасыз ету мақсатында алдына күзет қойылған. Ал, ертеңнен бастап дезинфекциялық жұмыстардың 10-кезеңі басталады. Жалпы карантин соңына дейін 16 кезеңді жүзеге асыру жоспарланып отыр.  

Қуан Нұрақын, «Алматы» телеарнасы