Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 23 үй салынуда

23.12.2019 в 21:52

Қала әкімі Б. Сағынтаев аяқталуға жақын тұрған құрылыс жұмыстарының барысын тексерді

Алатау ауданына қарасты «Алғабас» ықшамауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жалпы ауданы 46 мың ш.м болатын 740 пәтерге арналған 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала әкімі Б. Сағынтаев құрылыс алаңына барып, дайын пәтерлерді аралап көрді. Объектідегі құрылысшылармен сөйлескен Бақытжан Сағынтаев құрылыстың тапсыру мерзімін сақтау қажеттігіне және жүргізіліп жатқан ішкі және сыртқы жұмыстардың сапасына назар аударды.