Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары анықталды

30.10.2019 в 21:55

Қалалық іріктеуге 40 астам қайырымдылық жасап жүрген жандар ұсыныс білдірген

 Олардың қатарында, жеке қомақты қаржы бөліп әлеуметтік нысан салғандармен қатар, қарапайым еріктілер де бар.  Солардың үздіктері бүгін бес номинация бойынша марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар «Жыл меценаты», «Үздік ұйым», «Ерен еріктілік», «Жыл тұлғасы» мен «Туған өлке».  «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің  ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін қайырымдылық байқауының «Жыл тұлғасы» номинациясы Равиль Насифулинге бұйырды.        

«Қайырымды іспен айналыстын жандар саны артса екен деймін. Бірақ, көпшілігі өздерінің көрсетіп жатқан көмектерін жария еткісі келмейді. Ал, менің ойым басқа. Қазір осындай әрекеттермен үлгі болатын кез. Мен істен шыққан компьютерлерді қайта құрастырып, мұқтаж жандарға сыйға беремін. Менің бұл идеямды өзгелер де жалғастырса деген ойым бар», - деді байқау жеңімпазы Равиль НАСИФУЛИН.