Алматыдағы Жетісу ауданының тұрғындары тегін заңгерлік кеңес ала алады

23.11.2021 в 22:22

«Әділет кеңес береді» іс-шарасы Жетісу ауданының ХҚКО-да өтеді

Алматы қаласы Әділет департаменті 25 қараша күні сағат 11:00-де Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету Орталығында Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Есенгелді Закирханұлы Талбидинов, Нұрым Тау және Ерболат Болатұлы Қасымов, сондай-ақ Алматы қаласы заң консультанттары палатасы төрағасының орынбасары Мұхамед Мұқажанды, заң кеңесшісі Рустам Әсіловты және Әділет департаментінің қызметкерлерін шақырумен «Әділет кеңес береді» іс-шарасын ұйымдастып өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған іс-шарада азаматтарға алимент, атқарушылық іс жүргізу, атқарушылық жазба, зияткерлік меншік мәселелері, заңды тұлғаларды тіркеу және мұраны ресімдеу мәселелері бойынша заң кеңестері өткізіледі.

Сондай-ақ осы іс-шарада ең бастысы, 119 жедел желі нөміріне (құқықтық ақпараттық қызмет) қоңырау шалып, азаматтар тегін заңгерлік кеңес ала алады.

Құқықтық ақпараттық қызмет ағымдағы жылдың шілде айынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді, азаматтар осы нөмірге қоңырау шалып, құқықтық көмек және тегін заңгерлік кеңес ала алады.