Тағы да бір мердігер компанияның жасыл желекті заңсыз кескені анықталды

09.03.2021 в 22:15

Тұрғын үй кешені алдындағы ағаштарды олар құзырлы органдардың рұқсатынсыз отаған

Алматыда тағы да бір мердігер компания жасыл желекті заңсыз кескен, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Алмалы ауданы, Варламова1/3 мекенжайы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешені алдындағы ағаштарды олар құзырлы органдардың рұқсатынсыз отаған. Сондай-ақ, Табиғатты қорғау полициясы мен Жасыл экономика басқармасынан құралған топтың тексеріс жүргізу барысында өзге де бірнеше құрылыс ережелері сақталмағаны анықталды. Атап айтсақ, нысанның төлқұжаты көрсетілмеген және құрылыс көліктеріне арналған арнайы көлік жуу орталығы жоқ. Алдағы уақытта осы фактілер бойынша тергеу жұмысы жүргізіледі.

«Жасыл желектерді кесу бойынша біздің басқармаға ешқандай өтініш хат түскен жоқ. Тиісінше рұқсат қағаз берілген жоқ. Алдағы уақытта арнайы табиғатты қорғау полициясымен әкімшілік хаттама толтырылады. Бір дана ағаштың орнына 20 ағаштан отырғызылатын болады», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының бас маманы Нұрлан Сейітбеков.