Қайырымды қала тұрғындары

18.03.2021 в 22:21

Бүгін қайырымдылық күні аясында қала студенттері мен еріктілер үйі жоқ панасыз адамдарға ыстық тамақ таратты

Бүгін қайырымдылық күні аясында қала студенттері мен еріктілер үйі жоқ панасыз адамдарға ыстық тамақ таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл акцияны Халықаралық білім беру корпорациясының жастары ұйымдастырып, көше кезген жандарға бір сәт жылулық сыйлады. Еріктілердің айтуынша мұндай игі істер апта сайын өтіп тұрады екен.

«Яғни, біз студеттермен бірлесе отыра қаламызда ауыр жағдайда жұмыс істеп жатқан немесе қиын жағдайда қалған адамдарға кішігірім көңілімізді, мейірімділігімізді көрсетуді жөн көрдік. Соған орай ыстым тамақ пен шай дайындап, осы бүгін қаланың әр жерінде соны таратып жатырмыз», – деді жастар орталығының жетекшісі Бағдат Анарбаева.