«Біз біргеміз»: Алматыда медицина қызметкерлеріне қорғаныс құралдары мен жеміс-жидек таратылды

24.04.2020 в 23:01

Дәрігерлерге бұл жолы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Вахид Гасанов бастаған еріктілер қамқорлық көрсетті

Алматыда пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне жалпы құны 1,5 миллион теңгені құрайтын қорғаныс құралдары мен жеміс-жидек  таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлерге бұл жолы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Вахид Гасанов бастаған еріктілер қамқорлық көрсетті. Жастар кеңесінің белсендісі қонақ үйлер мен жатақханаларда тұрып жатқан ақ халаттыларға «Біз біргеміз» акциясы аясында 300 литр антисептикалық құралдар мен 70 қорап жеміс-жидекті еріктілермен бірлесе  үлестірді.  

«Біз медицина қызметкерлерін антисептикалық құралдар және жемістермен қамтамасыз етеміз. Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүргендер дәрігерлер болғандықтан, көпшілігі вирусты жұқтырып жатыр. Біз де осындай қиын сәтте қол қусырып отырмай, ақ халаттыларды қолдауды ұйғардық. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады және мен барлығын коронавирусқа қарсы бірге күресуге шақырамын», – деді «Нұр Oтан» партиясы және жастар кеңесінің мүшесі Вахид ГАСАНОВ.