Алматыда электр жарығы қалпына келтірілді

20.07.2023 в 22:36

Қосалқы станцияның істен шығуына байланысты жарық өшкен болатын

Алматыда электр жарығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу ауданында электр жарығы бір сағат ішінде қайта жанды.

Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуаты ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты үзілген.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебін ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануы деп атап өтті.