Токио-2020: Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты

04.08.2021 в 11:12

Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға өтті

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Аlmaty.tv  тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрислам Санаев қарсыласын ұтты.

Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға өтті.