Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов Олимпиаданың алғашқы айналымынан өте алмады

01.08.2021 в 11:33

Белдесуді 8:0 есебімен айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті

Токиода Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.

Балуан Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Белдесуді 8:0 есебімен айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті.

Айта кетерлігі, Қырғызстан балуаны Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.