Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жартылай финалға шыға алмады

06.08.2021 в 12:03

Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзербайжан өкілі жартылай финалға шықты

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио бозкілеміне шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді. Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті.

Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзербайжан өкілі жартылай финалға шықты.

Айта кетерлігі, Нажи Алиев финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Tags: Токио