Қазақстандық теннисші Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды

28.07.2021 в 14:41

Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортлшыға қарсылық таныта алмады.

Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.