Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуіне қатысады

06.08.2021 в 16:10

Дәулет жартылай финалда әзірбайжандық Гаджи Әлиевке 1:9 есебімен жол берген болатын

Еркін күрестен 65 келіде бақ сынаған Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.

Дәулет жартылай финалда әзірбайжандық Гаджи Әлиевке 1:9 есебімен жол берген болатын.

Әлиев өз кезегінде турнирдің финалына жолдама алып, үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты.

Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып отыр.