Нұрислам Санаев еркін күрестен «қола» жеңіп алды

05.08.2021 в 17:36

Бұл – қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін кездесулер өтуде. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты. Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді. 

Бұл - қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі. Жалпы, Қазақстан қоржынында әзірге 6 қола медаль бар.