Тұман, жел: 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

01.10.2023 в 10:00

Кейбір аймақтарда өрт қаупі сақталады

«Қазгидромет» РМК-сы 1 қазанға арналған райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарағанды облысы

1 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында үсік 3 градус күтіледі. 1 қазанда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 1 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысы

1 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 1 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

1 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. 1 қазанда облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтау қ.: 1 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

1 қазанда түнде Түркістан облысының тауларында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарда күші 15-20 м/с. 1 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 1 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 1 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

1 қазанда түнде Павлодар облысының батысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

1 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысы

1 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

30 қыркүйек – 02 қазанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 30 қыркүйек – 02 қазанда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 30 қыркүйек – 02 қазанда күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 30 қыркүйек – 02 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 30 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. 30 қыркүйек – 02 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

1 қазанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 29 қыркүйек-01 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 2-8 қазан аралығындағы ауа райы болжамы