Алматыдан 25 шақырым жерде жер сілкінді

10.01.2023 в 08:56

Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2

Бүгін Алматыда сағат таңғы 04:12 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.