Павлодарда 1 ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды

16.01.2024 в 09:01

Қалада бүгін ауа температурасы минус 27 градусты көрсетіп тұр

2024 жылы 16 қаңтарда Павлодар қаласының мектептерінде 1-ауысымдағы мектепалды, 1-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, қалада бүгін ауа температурасы минус 27 градусты көрсетіп тұр, жел жоқ.