Боранға байланысты үш өңірде жол жабылды

22.01.2024 в 09:09

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады

 Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында — 1 учаске

«Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 616-833 км, Атырау қаласы — Жұмекен ауылы арасы.

Жетісу облысында — 1 учаске

«Үшарал-Достық» жолының 84-184 км, Көктұма мен Достық стансасы арасы, 100 км.

Батыс Қазақстан облысында — 3 учаске

«Атырау-Орал» 375-492 жолының км, Чапаев кенті — Орал қаласы арасы, 117 км.

«Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолының 0-213 км, Чапаев кенті — Қазталов кенті арасы, 213 км.

«Атырау-Орал» жолының 189-371 км, Атырау облысы шекарасы — Чапаев кенті арасы, 182 км.

Жолды жабуға жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр себеп болған.