Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

04.04.2023 в 09:14

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда

Алматыдан Қытайға қарай 286 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуірде сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0. MPV магнитудасы - 4,3. Эпицентр координаттары - 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай. Тереңдігі - 5 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Еске алайық, 2 сәуірде Алматы тұрғындары 2 балдық жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.