Бүгін 42 градус қатты аяз сақталады

23.02.2024 в 09:15

Қазақстан бойынша тұман түседі

Қазгидромет синопиктері 23 ақпан, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысынң шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.