Алматы маңында бүгін 2 рет жер сілкінісі тіркелді

16.04.2023 в 09:54

Жерасты дүмпуі Қазақстан мен Қытай шекарасында болды

Бүгін таңертең Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта 2 рет жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8:55-те тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі - 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін жергілікті уақытпен сағат 7:40-та да жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 км қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмаған.