Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

05.01.2023 в 09:25

Аймақтардың басым бөлігінде қар жауады, көктайғақ күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы

05 қаңтарда Абай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады. 

Семей қ.: 05 қаңтарда жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

05 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады. 

Өскемен.: 05 қаңтарда жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

05 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды қ.: 05 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

05 қаңтарда Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жезқазған қ.: 05 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

05 қаңтарда Түркістан облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең екпіні 25 м/с. 

Түркістан қ.: 05 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

05 қаңтарда түнде және таңертең оңтүстікте, орталықта, таулы аудандарында Жетісу облысының тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

05 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Орал қ.: 05 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

05 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 05 қаңтарда түнде тұман күтіледі.

Ақмола облысы

05 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

05 қантарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

05 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

05 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 17 м/с.

Жамбыл облысы

05 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Тараз қ.: 05 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

05 қаңтарда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 

Павлодар қ.: 05 қантарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с күтіледі.