Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

28.12.2022 в 09:35

Синоптиктер 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның 8 қаласына дауылды ескертті.

Атырау облысы

28 желтоқсанда Атырау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 28 желтоқсанда тұман күтіледі.

Түркістан облысы

28 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

28 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

28 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

28 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 28 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысы

28 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 28 желтоқсанда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

27 желтоқсанның сағат 21.00-ден 28 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Абай облысы

27 желтоқсанның сағат 21.00-ден 28 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Семей, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.