Тұман, көктайғақ және жел: 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

28.01.2024 в 10:02

Қазақстандықтарды жексенбі күні қандай ауа райы күтіп тұр

Алматы облысы

28 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Алматы қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

28 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысы

28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі.

Түркістан облысы

28 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 28 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 28 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақмола облысы

28 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

28 қаңтарда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 28 қаңтарда жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

28 қаңтарда Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

27 қаңтардың сағат 21.00-ден 28 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Жамбыл облысы

28 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.:. 27-28 қаңтарда түнде және таңертен тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз: Қар, бұрқасын: 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы