Алматы маңында тағы да жерасты дүмпуі тіркелді

14.03.2024 в 09:40

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан, деп  хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі some.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» станциялар желісі 13  наурызда 23 сағат 11  минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – MPV 4.4. Тереңдігі  – 15 шақырым.

Қазақстан аумағында MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі сезілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы да жер сілкінді